Елімізде салық төленбей жалға берілетін 12 мың пәтер анықталды

Елімізде салық төленбей жалға берілетін 12 мың пәтер анықталды

Елімізде салық төленбей жалға берілетін 12 мың пәтер анықталды
ашық дереккөзі
Үстіміздегі жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары арасында жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды. Құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ, халық қауіпсіздігінің проблемалық мәселелерін зерделеуге және одан әрі шешуге бағытталған рейдтер барысында салық төленбей жалға берілетін 12 мың пәтер анықталды, деп хабарлады turkystan.kz. Бүгінде тұрғын үйді, пәтерлерді қысқа мерзімге жалға беру тұрақты табыс беретін пайдалы бизнеске айналды. Өйткені, оған сұраныс көп. Көңілді отырыс өткізгісі келетіндер, сырт көзден тыс кездесуді қалайтындар, өзге жақтан жұмыс бабымен келушілердің көбі бағасы арзан, уақытша тұрақтауға болатын пәтерлерді іздейді. Сағатпен, тәулікпен жалға берілетін бұл тұрғынжайлардың жезөкшелер ұясына айналып отырғаны да бүгінде ешкімге құпия емес. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында сөз алған ресми өкіл Нұрділдә Оразтың айтуынша, пәтерді тез ауыстыру мүмкіндігі ізін жасырғысы келетін ұры-қарылардың да оң жамбасына келіп тұр. «Операция кезінде учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, қару иелерін, ішкі істер органдарында есепте тұрған шетелдіктер мен азаматтарды тексеру үшін аулаларды және пәтерлерді аралап шықты. Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді зерттеу және шешу үшін тұрғыдармен кездесулер өткізілді», – деді ресми өкіл. Нұрділдә Ораздың айтуынша, екі айда полиция қызметкерлері 5 миллионға жуық пәтер мен жеке үйлерді аралап, 300 мыңнан астам саяжай мен 60 мыңға жуық шаруа қожалығын, қыстақ, шаруашылық орындарын тексерген. Нәтижесінде жалға берілетін 100 мыңға жуық пәтердің 12 мыңға жуығы Мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмегені анықталды.