400 млн теңгенің субсидиясын жымқырған пысықай

400 млн теңгенің субсидиясын жымқырған пысықай

400 млн теңгенің субсидиясын жымқырған пысықай
ашық дереккөзі

Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері мемлекеттік субсидияны қолды еткен Шымкент қаласының тұрғынын әшкереледі, деп хабарлады turkystan.kz. Мал шаруашылығы саласындағы қожалық иелеріне берілетін мемлекеттік көмектің бір түрі – субсидия. Ол негізінен мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру мақсатында шаруаларға төленеді. Мұндағы мақсат – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алайда, бұл қаражатты мақсатсыз пайдалану деректері де бар. Мәселен, Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырған қала тұрғынын құрықтады. Тергеу барысында заң бұзушының 2020-2021 жылдар аралығында асыл тұқымды ірі қара сатып алу үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен жалған мәміле жасағаны анықталды. Кейін күдікті субсидияны алу үшін облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына шарттар ұсынған. Бұл заңсыз әрекеттің нәтижесінде Үкіметке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.