«Nur Otan» партиясы көпбалалы әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту мәселесін талқылады

«Nur Otan» партиясы көпбалалы әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту мәселесін талқылады

«Nur Otan» партиясы көпбалалы әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту мәселесін талқылады
ашық дереккөзі
29 қарашада «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалар құқын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жиынтық-талдау бөлімінің басшысы Айгүл Таласованың айтуынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсету үшін 332 отбасы тексерілді, 212 отбасы әлеуметтік көмекке қабылданды, 253 мәселе бойынша кеңес берілді, сондай-ақ отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді: маусымдық киім, сыйлықтар, азық-түлік себеттері, сертификаттар, психологиялық және заңгерлік көмек. «Жыл басынан бері аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен, басшылардың бірінші орынбасарларымен бірге 730 адам қабылданды, тұрғын үйге кезекке қою, АӘК, санаториялық-курорттық емдеу, емханаға тіркелу, балабақшаға кезек, қамқоршылық, инватакси, жұмысқа орналастыру және т. б. мәселелер бойынша кеңестер берілді», - деді спикер. Көп балалы және аз қамтылған әйелдер үшін кәсіптік оқытуды және кәсіпкерлікке оқытуды ұйымдастыру мәселесі бойынша 213 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (14 мамандыққа) жіберілді: тігінші, аспаз, шаштараз, наубайшы, кондитер, бақылаушы-кассир, тәрбиешінің көмекшісі, тәрбиеші, SMM менеджері, дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, кран машинисі, техник-электрик. «Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 539 мемлекеттік грант бөлінді, оның ішінде 433 әйел. Бизнес-идеялар келесі салаларда жүзеге асырылады: көтерме және бөлшек сауда, тамақ және тігін өнеркәсібі, білім беру, ойын-сауық, демалыс, сұлулық және басқа да қызметтер. 57 рет бос орындар жәрмеңкесі, оның ішінде 25 онлайн жәрмеңке өткізілді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 7 147 әйел қамтылды», - деді Айгүл Таласова. Отырыс қорытындысы бойынша нұротандықтар Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына кешенді көмек көрсету үшін өмірлік қиын жағдайдағы отбасылардың әлеуметтік картасын жандандыру қорытындыларына қатысты атқарылған жұмыс туралы ақпарат беруді тапсырды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына өмірлік қиын жағдайдағы көп балалы, аз қамтылған және әйелдер үшін оқыту бағдарламаларына өзгерістер енгізуді қарастыруды, оның ішінде алған білімдерін 60 күннен кем емес уақытта тәжірибе жүзінде іске асыру. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласында салауатты өмір салтының алдын алу жөніндегі орталықтың жұмысын қайта бастау мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс айтылды.