Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңажылдық ертеңгілік өткізуге қатысты сұраққа жауап берді.
"Бас санитария дәрігерінің шешімі бар, оған бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Ал бір сынып ішінде мереке өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады", - деп жауап берді ведомство басшысы Сенат отырысында.