Құбырмен түспек болған: Полиция 5-қабаттан құлаған қыздың өліміне қатысты түсінік берді

Құбырмен түспек болған: Полиция 5-қабаттан құлаған қыздың өліміне қатысты түсінік берді

Құбырмен түспек болған: Полиция 5-қабаттан құлаған қыздың өліміне қатысты түсінік берді
ашық дереккөзі
Қостанай облыстық полиция департаменті тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап, мерт болған 23 жастағы бойжеткеннің оқиғасына қатысты түсінік берді. «Қостанай полиция басқармасының 102 нөміріне 30 қараша сағат 05.20 шамасында қоңырау түсті. Қазіргі мәлімет бойынша, 23 жастағы бойжеткен су құбыры арқылы бесінші қабаттан түспек болған. Алайда, құлап кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды», - деді департаменттен. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.