Семейде жасөспірімдер 3 мың рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады

Семейде жасөспірімдер 3 мың рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады

Семейде жасөспірімдер 3 мың рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады
ашық дереккөзі
Семей қаласында Kazakhstan Speedcubing Federation командасы алты жарым сағат ішінде 3 мың Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады. Панноның биіктігі - 2,8 метр, ал ұзындығы - 3,3 метр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кубик жинаушылар туындыны Елбасыға арнады. Команда құрамына 11 сынып оқушылары Әлихан Ертұрсынов, Әмір Мырзакәрімов, сондай-ақ «Елбасы медалі» жобасының қола деңгейлі қатысушысы Павел Расчетов және колледж студенттері Дилмар Рахатов пен Жанат Қазез кірді. Бұл – олардың биыл жасаған 4-жұмысы. Бұған дейін олар жеңіс күніне орайластырып Әлия Молдағұлованың, туған күндеріне арнап ақын-ағартушы Абай Құнанбаев және Әлихан Бөкейхановтың портретін ұсынған. Жұмыстардың негізгі мақсаты - елімізде «Спидкубингті» насихаттау.