Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 қарашада еліміздің қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды.  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында дүйсенбі күні ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.