Жаңалықтар

Соғым етін ұрлаған: Алматыда 60 жастағы қарияның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында ілініп тұрған соғым етін ұрлаған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға Алматы облысына қарасты Ескелді ауданында болған. Күдікті ілулі тұрған 20 келі жылқы етін қолды қылған. Іздестіру барысында күдікті ретінде 60 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Оның айтуынша, ұрлық жасаған сәтте ол мас болған. Сонымен қатар, ұсталған азамат жарты етті асып, жеп үлгерген.

Ол азамат енді істеген әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болады.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Ескелді ауданы ПБ-мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген Алматы облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Back to top button