Спорт

Қазақстандық футболшы «Галатасараймен» келісімшартқа отырды

Sports.kz сайтының хабарлауынша, 16 жастағы Мұхаммед Әли Яшархан түркиялық «Галатасарай» командасымен келісімшарт жасасты.

Алматы қаласында туып-өскен Мұхаммед Әли бірнеше жыл бойы «Фенербахче» клубының академиясында білім алған. Бірақ пандемия салдарынан жаттығу жиындары мен кездесулер өткізілмегендіктен, ойынға араласа алмаған.

500 6197660500ed1
Фото: Sports.kz

«Галатасарай» сапында бірінші ойынын өткізген Яшархан командаластарымен бірге Жастар лигасы аясында өзінің бұрынғы командасы «Фенербахчеге» қарсы кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Back to top button