Атырау облысының тұрғыны үйінде пластик ыдыста есірткі өсірген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек Мақат ауданында анықталған. «Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 қарашада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді тұрғылықты мекен-жайында заңсыз өсірген 39 жастағы тұрғынды анықтады. Мақат ауданында тұратын күдікті үйінде пластик ыдыста есірткі өсімдігін өсіріп келген», - деп мәлімдеді департамент өкілдері. Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру дерегімен ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүктелуде...