Жаңалықтар

Түркістан облысында полиция көлігін соққан күдікті ұсталды

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің тоқтатқанына қарамастан қызметтік көлігін соғып қашпақ болған жүргізушінің видеосы тарады.

Бұл жайт Түркістан облысы Сайрам ауданында орын алған. «Lexus ES» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысқан.

Нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзушы Сайрам АПБ қарасты «Kia Cerato» маркалы қызметтік автокөлігімен соқтығысқан. Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда автокөліктерге материалдық шығын келген.

Сараптама нәтижесінде «Lexus» жүргізушісі көлік тізгіндеу кезінде мас күйде болғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің әкімшілік хаттамалар түзілді. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Back to top button