Жаңалықтар

«Хабибтің інісі Мәскеуде ұсталды». Нұрмагомедовтің өзі мәлімдеме жасады

Bellator файтері Усман Нұрмагомедов Мәскеуде ұсталды. Бұл туралы Sports.ru өзінің мәлімет көздеріне сүйеніп хабарлап отыр. 

Vesti.kz порталының мәліметіне сүйенсек, Хабиб Нұрмагомедов полиция қызметкерін қағып кетті деген күдікке ілінді.

Усман досы Камал Идрисовпен бірге Махачкаладан Мәскеуге ұшу керек болған, алайда, әуежайға кіре берісте олар бақылау өткізу бекетіндегі полицейді қағып кеткенге ұқсайды.

Осыдан кейін Нұрмагомедов досымен Мәскеуге ұшып кеткен, ал Шереметьевода оны полицейлер күтіп алды.

Алайда Усманның өзі тұтқындалғаны жайлы қауесетке сенбеуге шақырды.

«Кім не жазып жатқанын білмеймін, бірақ, өтініш сабыр. Хабарлама үйіліп қалды. Бәрі дұрыс», – деп жазыпты ол Instagram желісінде.

nurmagambetov usman

Back to top button