Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда тағы бір көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады.

«13 қарашадан бастап Нұржол бульварынан Қонаев көшесіне дейін («Сулы-жасыл желекжол» тұрғын үй кешені бойымен) біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл шешім тұрғын үй кешені тұрғындарының көптеген өтініші бойынша көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», – делінген компания мәліметінде.

Аталған шешім «Есіл» ауданы әкімдігімен және «City Transportation Systems» ЖШС-мен бірлесіп қабылданған. «Жүргізушілерден сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз», – делінген аталған компания жариялаған мәліметте.

Back to top button