Алматы тұрғынынан қару тәркіленді. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, «102» пультіне Райымбек және Назарбаев даңғылы маңында қаруы бар белгісіз адам тұратыны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Жетісу ауданының жедел-тергеу тобы аттанды. «Полицейлер есікті қаққанда жас жігіт санаулы секундтарда қару-жарақты жинап алып, терезеден лақтырып жіберген. Ер адамның іс-әрекеті әзірге белгісіз», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ол Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді, онда істің объективті мән-жайы анықталатын болады
Жүктелуде...