Жаңалықтар

Елімізде 8,2 миллионнан астам адам вакцина салдырды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің 27 қазандағы мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 212 313 адам вакцина салдырды, II компонентін 7 393 113 адам алды.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 989 921 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 931 567 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында – Түркістан облысы. Өңірде 963 899 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 870 789 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 860 074 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 757 733 адам екінші бөлігін қабылдаған.

143c90ce 4435 42b5 b943 de04e7edf390

Back to top button