Павлодар облысында жетінші сынып оқушысы үйінен кетіп, қайтып оралмаған. Ол араға 5 сағат салып, өз үйінің ауласындағы шөп қорадан аман-есен табылды. «Кеше шамамен сағат 16:00-де Малиновка орта мектебінің 7 сынып оқушысы үйінен кетіп, сол күйі оралмаған», - деп жазды Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов әлеуметтік желідегі парақшасында. Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылы мен Малиновка ауылы тұрғындарының атсалысуы арқасында бала сол күні сағат 22:50-де өз үйінің ауласындағы шөп қорадан дін аман табылды. «Іздеу жұмысына атсалысқан барлық адамға алғысым шексіз. Құрметті жерлестер, балаларыңызға абай болыңыз», - деп жазды Ә. Әбеуов.
Жүктелуде...