Жаңалықтар

Түркістанда 22 жастағы ана дүниеге үшем әкелді

Түркістан облысының № 2 Облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. 22 жастағы Гулмира Мирзаева № 2 Облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа туған нәрестелерге Фатима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310 гр, 1980 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер.

247419485 4338208072962165 3570421250507321425 n 1

Back to top button