Жаңалықтар

Қапшағайда 13 жастағы оқушы балконда асылып қалған

Қапшағайда көпқабатты пәтерлердің бірінің балконынан 13 жастағы оқушының денесі табылды.

«20 қазан күні сағат 07:30 шамасында Қапшағай қалалық полициясының кезекші бөліміне балконда баланың асылып тұрғаны жөнінде хабарлама түсті. Қайтыс болған баланың 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Тергеу тобы оқиғаны растады. Қазір сотқа дейінгі іс тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді», – делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

Back to top button