Спорт

Алты саусақты футболшы: Мені «өзге ғаламшардан келген» деп атайтын

Америкалық «Кентуки Уайлдкэтс» командасының ойыншысы Джей Джей Уивер ESPN каналына берген сұхбатында оң қолында бес саусағы бар екенін көпке дейін жасырып келгенін айтады.

Полидактилия синдромымен (алты саусақтылық) туған Уивер клуб жанкүйерлері ойын кезінде оның бұл артықшылығын байқап қойған соң құпиясын ашуға мәжбүр болған. Ал клуб басшылығы осы жылдың басында 21 жастағы футболшыға арнайы қолғап тіктірткізіп, сыйға тартқан.

1212
Скриншот видеодан алынды.

«Мен артық саусағымды үнемі жасырып жүремін және бұл туралы ешкімге тіс жармаймын. Өйткені кезінде мені балалар мазақтап, өзгеше болып туғанымды бетіме басатын. Олар мені «өзге ғаламшардан келген» деп атайтын. Мұндай ерекшелігі бар жалғыз мен ғана емеспін, сондықтан ашылып, өз құпиямды бөлісу және кері байланыс орнатудың өзі бір бақыт!», – дейді футболшы.

Back to top button