Жаңалықтар

Балқаш маңында ұшақ құлады

Алматы облысында Балқаш маңында жеңіл моторлы чартерлік ұшақ құлады, деп хабарлайды Turkystan.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен.

«17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те Қарағанды брифингіне командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен», – делінген министрлік хабарламасында.

Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.

Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.

Back to top button