Жаңалықтар

Африкалық жігіттер Тараз қаласының әкімін «ең әдемі» деп атап, оған би билеп берді (видео)

Африкалық жігіттер қазақстандық тағы бір әкімге дұғай-дұғай сәлем жолдады. Бұл жолы әзілқой африкалықтар бейне-сәлемдемесін Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевқа арнады.

Алыстағы Африкадан жеткен видео сәлемдемеде көңілді, тапқыр жігіттер шаһар басшысының фотосы мен «Ержан Жылқыбаев – сен ең әдемісің» деген жазуы бар тақтайшаны қолдарына алып, қазақша «Тойға шашу» әніне билейді. Әзірге Тараз қаласының әкімінен жауап болмады.

Еске сала кетейік, африкалық жігіттер бұған дейін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа осындай бейне-сәлем жолдаған болатын.

Back to top button