Алматыда жолдың қарсы бағытына шығып кеткен автобус жүргізушісі жазаланды

Алматыда жолдың қарсы бағытына шығып кеткен автобус жүргізушісі жазаланды

Алматыда жолдың қарсы бағытына шығып кеткен автобус жүргізушісі жазаланды
ашық дереккөзі
Алматы полициясы жолдың қарсы бағытымен жүрген автобус жүргізушісінің кім екенін анықтады. Жол ережесін бұзған қоғамдық көлік жүргізушісінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, автобус жүргізушісі жазаланады. «Тексеру жүргізілді. Құқық бұзушы анықталды, ол 1990 жылы туған З. Серікбаев деген азамат. ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жиналған материал сотқа жіберілді», - деді Рустам Әбдірахманов.