Алматы қалалық полиция департаменті мопед мінген адамды қағып кеткен автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлады. «14 қазан күні таңғы сағат 09:00-де автобус жүргізушісі мопедті қағып кетті. Мопед жүргізушісі құлап қалған. Қаққаннан кейін автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Белгілі болғанындай ол арақашықтықты сақтамаған», - деп хабарлады полициядан. Мопед жүргізушісін жедел жәрдем қызметінің мамандары тексерді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі уақытта жол апаты болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Жүктелуде...