Жаңалықтар

Алматыдан Ақтөбеге ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралды

«Эйр Астана» әуе компаниясының мәліметінше, «Алматы-Ақтөбе» бағытына қатынайтын K-863 ұшағы бүгін Алматыдан 05:30-да ұшып шыққан.

«Техникалық себептерге және бара жатқан әуежайда техникалық қызметтің көрсетілмейтіндігіне байланысты командир кері оралу туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.

Қону қалыпты жағдайда өтті.

«Ұшақ өз рейсін сағат 15:40-та орындайды. Жолаушыларға тамақ пен сусын беріледі», – деп толықтырды компания.

Back to top button