Жаңалықтар

Аттракцион: Қарағандыда 25 метр биіктіктен арқанмен секірген әйел көз жұмды

Қарағандыда 25 метр биіктіктен «тарзанкадан» секірген әйел көз жұмды. Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісінде тарады.

Қайғылы жағдай «Созвездие» қонақ үйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған.

33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.

«Науқасқа шұғыл операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды», – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Back to top button