Жаңалықтар

Сбербанктың вице-президентіне алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланды

Ресейде Сбербанктың вице-президенті Марина Раковаға федералдық іздеу жарияланды. Оған аса ірі көлемдегі қаржылық алаяқтық жасаған деген айып тағылып отыр. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Марина Ракова осы лауазымға дейін Ресейдің білім беру министрінің орынбасары қызметін атқарған.

«Оның жасырынуына көмектескендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады» дейді агенттік дереккөзі.

Ракова 50 миллионнан астам рубльдің ұрлануына қатысы бар делінуде. Ол 2019 жылы өзі жетекшілік еткен қорға бюджет қаржысын бөлуге ықпалдасқаны үшін айыпталып отыр. Сарапшылар, ғылыми зерттеулерге қатысты есептердің қолдан жасалғанын анықтады, деп жазады ақпарат агенттігі.

Сбербанктың вице-президенті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Back to top button