Жаңалықтар

Ақмола облысында үй өртеніп, бес жасар бала көз жұмды

Ақмола облысында үй өртеніп, бес жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сағат 06:15-те Байқоныс ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт аумағы 85 шаршы метрді құрады.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан алты қызметкер және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып үлгерді. Өкінішке орай, 2016 жылғы үлкен ұлы өрттен көз жұмды. Күйік шалған ер адам Степногор қалалық ауруханасына жатқызылды», – деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткенедей, өрт 07:14-те ауыздықталып, 07:46-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Back to top button