Тәуелсіздіктің 30 жылына арналған шекарашылар арасында эстафета басталды

Тәуелсіздіктің 30 жылына арналған шекарашылар арасында эстафета басталды

Тәуелсіздіктің 30 жылына арналған шекарашылар арасында эстафета басталды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шекара академиясының 90 жылдық мерейтойына орай Мемлекеттік шекара бойындағы эстафетаның басталуына арналған салтанатты рәсім болып өтті. Оған академияның басшылары мен жеке құрамы қатысты. Алғаш болып сөз кезегін алған академия бастығы полковник П.Поливанов жеке құрамды шын жүректен құттықтап, олардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Шара барысында «Академияға  - 90 жыл!» мерейтойлық символы мен академия түлектерінің құттықтау жазбаларын жүзеге асыру үшін эстафета кітабын академия ұжымы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облыстық департаментіне қарасты Қарасай шекара басқармасының эстафеталық тобына салтанатты түрде тапсырды. Қарасайлық шекарашылар ғасырға жуық тарихы бар оқу ордасының мерейтойлық символы мен құттықтау кітабын әскери бөлімнің даңқты жүріп өткен жолының жауынгерлік белгісі деп қабылдады. Енді одан әрі эстафеталық символ мен құттықтау кітабы бір айға жуық еліміздің мемлекеттік шекара сызығының ендіктері бойынша ондағы орналасқан шекара бөлімшелеріне жеткізіледі. Ондағы Шекара қызметінің құрамаларымен бөлімдерінде тиісті іс-шаралар өткізіліп эстафета одан әрі өз жалғасын табады. Осылайша, шекара бойымен қолдан-қолға ауысқан мерейтойлық символ эстафетасы  оқу ордасына қайта оралып, академия мұражайына қойылады.          «Еліміздің шекара шебінде осы академияны әр жылдары бітірген шекарашы офицерлер қызмет атқарып жүр. Олар өздері білім нәрімен сусындаған  «шекарашылардың қара қазанына айналған» оқу ордасын әрқашанда мақтан тұтады. Бұл өткізіліп отырған шара академия қабырғасынан түлеп ұшқан әрбір шекарашының патриоттық сезімін, рухын оятуға бағытталған », – дейді бізге берген сұқбатында академия бастығының орынбасары – тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық және идеология жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы полковник Айдос Алиев.