Байтасов депутаттықтан өз еркімен кетті

Байтасов депутаттықтан өз еркімен кетті

Байтасов депутаттықтан өз еркімен кетті
ашық дереккөзі
Алматы мәслихатының сессиясында депутат Арманжан Байтасовтың өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласының мәслихаты мәлімдеді.
Nege.kz сайтының жазуынша, депутаттың өкілеттігі оның жеке өтініші негізінде тоқтатылған. Бұл шешімді Арманжан Мерекеұлы еліміздің және шекаралас мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылатын ауқымды медиажобаны іске асырумен түсіндірді. Арманжан Байтасов «Nur Otan» партиясының мандаты бойынша сайланғандықтан, партияның қалалық филиалы бюросының шешімімен белгілі құрылысшы, Қазақстан Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаев Арманжан Байтасовтың орнына мәслихат депутаты болып сайланды. Мәслихаттың кәсіпкерлікті, инновацияларды, ақпараттық технологияларды және креативті индустрияны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Қайрат Құдайберген сайланды.