Қостанайда жертөледе жарылыс болып, 3 адам зардап шекті

Қостанайда жертөледе жарылыс болып, 3 адам зардап шекті

Қостанайда жертөледе жарылыс болып, 3 адам зардап шекті
ашық дереккөзі
Қостанайда жеке үйдің жертөлесінде жарылыс болды. «Костанайские Новости» сайтының жазуынша, екі ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Куәгерлерінің айтуынша, үш ер адам монтаждауға арналған көбікті пайдаланып, жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан. Жұмысшылар монтажға арналған көбікті қабырғаларға бүріккен. Жертөлеге газ жиналған. Сол сәтте темекі шегіп жүрген үшінші ер адам темекісімен жертөлеге түскен. Содан жарылыс болған. Зардап шеккендер Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева: «1995 жылғы ер адамның денесі, аяқ-қолы ІІІ дәрежелі күйік шалды. Терісі 80% күйіп қалған. 1984 жылғы екінші ер адамның терісі, басы, кеудесі және тыныс жолдарының 35% күйіп, ІІІ дәрежелі күйікке шалдыққан. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, – деді. Үшінші 1983 жылы туған ер адамның бет-жүзінің 12 пайызын жалын шарпып, ІІ дәрежелі күйік шалған.