Ақпарат министрлігі тергеуге шақыртылған журналистерге қатысты түсініктеме берді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Turaninfo.kz агенттігінің тілшісі И. Дастан мен «7 арнаның» тілшісі Д. Әлімқұлдың сотқа дейінгі тергеу аясында Жамбыл облысының полиция департаментіне шақыртылуы бойынша келесіні хабарлады.

Министрлік аталған факті бойынша толық ақпарат беру жөнінде құқық қорғау органдарына сұрау жолдады. Осы уақытқа дейін белгілі болған мәлімет бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Аталған іс бойынша жоғарыда аталған БАҚ өкілдерінің мәртебесі куәгер ретінде белгіленді. Министрлік бұл мәселені назарға алды және бақылауда ұстап отыр. Бұл ретте, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес, журналистер көпшілікке ақпарат таратпас бұрын, оның шынайылығын үнемі тексеріп отыруды ұмытпау керектігін ескертеміз.

Back to top button