Жаңалықтар

Өскеменде өрттен денесін күйік шалған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды

Өскемен қаласында өрттен денесін күйік шалған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды  turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 тамызда түнгі сағат 03.00 шамасында Өскемендегі Петропавл көшесінде орналасқан жер үйде өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткенде қызыл жалын үйдің шатырын шарпып жатты. 3 адам өз беттерімен сыртқа шығып үлгерген. «Тілсіз жаудың жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 18 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Үй иесінің денесін күйік шалған. Қазіргі уақытта әйел аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды», – делінген ақпаратта. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Back to top button