Алматыдағы ең үлкен көшелердің бірі уақытша жабылды

Алматы қаласындағы Төле би көшесі ішінара жабылды.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 2,3 және 4 қыркүйекте Төле би көшесінде Б.Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

«Жол жөндеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізіледі. Төле би көшесі түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 08:00-ге дейін ішінара жабылады. Келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұраймыз», – деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Back to top button