Жаңа қаулы: ертеңнен бастап Алматыда шектеу шаралары жеңілдейді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы шектеу шараларына байланысты жаңа қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, Алматыда демалыс күндеріндегі карантиндік шаралар 4 қыркүйектен, ал жұмыс күндеріндегі карантин 6 қыркүйектен бастап жеңілдетіледі.

ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Қол қойылған күннен бастап күшіне енген құжаттың толық мәтінімен таныса аласыз.

Back to top button