«Даму» қорының ғимаратындағы апат: үйінді астында қалған әйел көз жұмды

Ақтөбеде «Даму» қорының ғимараты опырылып, бір қызметкер үйінді астында қалған болатын. Ол есін жимастан мерт болды.

Ақтөбеде үйінді астында қалған қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмады.

«Ауруханаға екі науқас жеткізілді. Біреуіне көмек көрсетіп, үйіне жіберілді. Ал екіншісінің жағдайы өте ауыр болды. Есін білмеді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Кеуде, бас-ми жарақаты болды. 33 жастағы әйел есін білместен көз жұмды», – деді облыстық жәдел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов.

Айта кетейік, осы оқиға байланысты Қылмыстық кодекстің «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Back to top button