«Қазпошта» басшысы өз еркімен қызметінен кетті

27 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың өз уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарап, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқаруды Серік Саудабаевқа жүктеу туралы шешім қабылдады.  Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ ресми сайтында хабарланды. 

Серік Саудабаев 1977 жылы туған. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар. 2010 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Қазақтелеком» және «Қазпошта» сияқты активтеріне жауапты салалық дирекциясын басқарды. 2010 – 2014 ж.ж. аралығында және 2016 жылдан осы уақытқа дейін Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.

Сонымен қатар, Серік Саудабаев «Қазақтелеком» АҚ мен » Kcell» АҚ директорлар Кеңесінде акционер мүддесінің өкілі және «QazCloud» ЖШС Бақылаушылар кеңесінің мүшесі.

Back to top button