Жаңа қаулы: Алматыда демалыс күнгі шектеулер күшейтілді

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 26 тамыздағы қаулысы бойынша Алматы қаласында демалыс күнгі шектеулер күшейтілді.

Құжатқа сәйкес, Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап:

  • демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлері мен келушілерде «жасыл мәртебесі» бар Ashyq көшбасшыларының жұмысына – сағат 02.00-ге дейін;
  • cенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілді.

«Алматы қаласын қоспағанда, 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын», – делінген Қаулыда.

Құжатта Алматы қаласында да шектеу шаралары дәл осылай жеңілдеуі үшін эпидемиологиялық жағдай тұрақтануы керектігі айтылған.

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай трұақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдетуді енгізу тиісінше ағымдағы жылғы 4 және 6 қыркүйектен басталсын», – деп жазыған қаулыда.

Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.

Back to top button