Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданындағы ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді. Oблыстық ТЖД мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 17: 38-де ТЖД кезекші қызметіне Т.Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылындағы өрт туралы ақпарат келіп түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислам діни бірлестігі филиалының 1 қабатты ғимаратындағы өрт жөндеу жүргізіп жатқан кезде шыққан. ТЖД мәліметінше, өрт аумағы 90 шаршы метрді шарпыған. Ғимараттың қабырғалары рама, шатыры мембрана жабыннан жасалғаны белгілі болды. Өрт сағат 18.53-те ауыздықталып, 19.20-да сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Өрт сөндірушілердің болжамынша, отты абайсыз қолданудан нысан өртеніп кеткен.
Жүктелуде...