Алматыда коронавирустан бір айлық сәби шетінеп кетті – Денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев осыдан 1 ай бұрын бір айлық сәбидің шетінеп кеткені туралы айтты.

«Осыдан бір ай бұрын Алматыда бір айлық бала коронавирустан шетінеп кетті. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық», – дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазір коронавирус жұқтырған 195 бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Қазақстанда, әсіресе Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артып келеді. Бүгінде 195 науқас бала ауруханада жатыр. 2 540 бала үйден ем алуда. Екі бала жансақтау бөлімінде», – деп түсіндірді Нариман Табынбаев.

Back to top button