Жайық өзенінің жағалауында серуендеп жүрген жергілікті тұрғын Юлия Вахмистрова сары түсті құтанды байқап, суретке түсіріп алған, – деп жазды ҚазАқпарат. «Бұрын-соңды мұндай құсты кездестірмеген едім. Жайық өзенінің сол жағалауынан сары түсті құтан көріп, таңданғаным рас», - дейді Юлия Вахмистрова. Жергілікті эколог, «Глобус» ҮЕҰ-ның жетекшісі Галина Чернованың пікірінше, бұл – сулы-батпақты жерде жүретін құс. «Сары түсті құтан Мысырдан келуі мүмкін. Біздің өңірде сирек кездесетін бұл құстың жирен түстес түрі бар. Сары құтанға қарағанда үлкенірек болады», - дейді Г.Чернова.
Жүктелуде...