Жаңалықтар

Шымбұлақтағы жанжал: полиция департаменті түсініктеме берді

«Шымбұлақ» директоры Ринат Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасында тау шаңғы курорты аумағында төбелес болғаны туралы жазды. Бұл оқиғаға қатысты Алматы полициясы түсініктеме берді.

«Ер адам дөрекілік танытып, кабинаға басқа қонақтың кіруіне рұқсат бермеген. Қызметкер қонақты кабинаға отырғызуға тырысқанда, ер адам есікті жауып қана қоймай, оны ұрып жібереді», – деп жазды «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 12 тамыз күні «Шымбұлақ» қызметкерінен арызы түскен.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті мен істің басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Back to top button