Әйелі тастап кеткен азамат көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында ер адам әйелі тастап кеткені үшін көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған.

Полиция аға лейтенанты Әлия Анаева жұмысына бара жатқанда Курчатов көшесіндегі көпқабатты үйдің терезесінен секірейін деп тұрған ер адамды көріп қалған. Ол бұл жайлы бірден «102» арнасына хабарлайды.

«Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Айхан Әуіталипов пен кіші лейтенант Қуат Байшоқов келіп жетті. Әлия өз өзіне қол жұмсауға әрекеттенген азаматты әңгімеге тартып тұрғанда, екеуі оны ұстап, терезе маңынан алып кетеді. Ер адам мас болған», – делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Анықталғандай, Алтай қаласының тұрғыны мұндай қадамға әйелі тастап кеткендіктен бармақ болыпты.

суицид

Back to top button