Ұстаздардың 93,1%-ы КВИ-ге қарсы вакцина алды

Ұстаздардың 93,1%-ы КВИ-ге қарсы вакцина алды

Ұстаздардың 93,1%-ы КВИ-ге қарсы вакцина алды
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, 9 тамыздағы жағдай бойынша білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1%-ы және басқа қызметкерлердің 88,4%-ы КВИ-ге қарсы вакцина алды. Студенттердің вакцина алуын ынталандыру үшін университеттер арнайы шараларды да іске асырды. Оның ішінде оқу ақысын төмендету, ақысыз курстар ұйымдастыру, жолдамалар мен бағалы сыйлықтар беру сияқты бастамалар университеттерде кеңінен қолданылмақ. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 18 жастан бастап студенттерді 100 пайыз вакциналау керегін айтты. «Жоғары оқу орындары мен колледждердің дәстүрлі оқыту форматына көшуі кезінде педагогтер мен қызметкерлерді, жатақханалар мен асхана персоналын, 18 жастан бастап студенттерді 100 пайыз вакцинамен қамтамасыз ету қажет. Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін оқу корпустарына, кітапханаларға, жатақханаларға кірерде Ashyq қосымшасы қолданылады», - деді Цой.