Жаңалықтар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің көшбасшы елдеріне үндеу жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия толқынын тоқтату үшін әлемнің ең беделді 20 көшбасшысын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаға қолжетімділіктің теңсіздігін жоюға шақырды, – деп жазды ҚазАқпарат The Newpaper басылымына сілтеме жасап.

Act Accelerator COVID-19-бен күресу құралдарына қолжетімділікті жеделдету бастамасының жетекшісі Брюс Эйлвард коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарға қолжетімділіктің теңсіздігін «ұят» деп атады және саяси көшбасшылар мен бизнес-магнаттарды кедей елдерді вакцинамен қамтуға шақырды.

Атап айтқанда, ол әлемнің ең ықпалды 20 көшбасшысын қыркүйек айының соңына дейін теңсіздік мәселесін шешіп, әлемнің әр еліндегі халықтың 10 пайызын вакцинациялауға шақырды.

AFP бағалауы бойынша, бүкіл әлемде шамамен 4,5 миллиард вакцина дозасы қолданылған. Халықаралық банктің мәліметтеріне сәйкес, кірісі жоғары елдерде 100 адамға шаққандағы доза саны 104-ті құрайды, ал кірісі төмен 29 елде 100 адамға екі дозадан келеді.

Back to top button