Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында қолында тұрған қола жүлдені уысынан шығарып алды. Қола жүлде үшін таласта Елена әлемнің алтыншы ракеткасы украиналық Элина Свитолинадан 6:1, 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Еске сала кетейік, бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов (60 келі), зілтеміршілер Игорь Сон (61 келі) мен Зульфия Чиншанло (55 келі) Қазақстан құрамасының қоржынына үш қола жүлде салған болатын.
Жүктелуде...