Ақтөбеде бір тәулікте 302 адамнан коронавирус инфикциясы анықталды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген антирекорд болып тұр. Бір тәулікте 302 адамның ПТР сынамасы оң мән көрсетіп, науқастар дәрігер көмегіне жүгінді. Оның 244-і дерттің симптомды түріне шалдыққан. Көбі Ақтөбе қаласында. Барлық ауданда да ауырып, ауруханаға түскендер бар. «Аурушаңдықтың өсу деңгейі 1,9% құрады. Жалпы облыста бүгінге дейін 16 196 адамның вирус жұқтырғаны ПТР сынама арқылы расталса, оның 77,5% жазылды. Қазіргі таңда үй карантиніне 6053 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, өңірде 2-тамыздан бастап карантин шектеуі күшейеді. Сенбі-жексенбі күндері базарлар мен сауда орындары, монша, сауна секілді бірқатар қызмет көрсету орны жабылады.
Жүктелуде...