Токио-2020: Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші айналымнан ары аса алмады

Токио-2020: Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші айналымнан ары аса алмады

Токио-2020: Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші айналымнан ары аса алмады
ашық дереккөзі
Токио Олимпиадасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев жарыс жолынан шығып қалды. Ислам екінші кездесуінде әзербайжандық Мамадали Мехтиевтен айласын асыра алмай, ұтылып қалды. Осылайша, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиада ойындарын аяқтады. Айта кетейік, бұған дейін Токиода 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен дзюдошы Елдос Сметов қола жүлдегер атанған болатын.