Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, шаңды дауыл болады – Қазгидромет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, шаңды дауыл болады – Қазгидромет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, шаңды дауыл болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
28 шілде күні ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Сәрсенбіде тек еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының әсерінен өткінші жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұруы ықтимал. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шыңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с, Түркістан облысында екпіні 23 м/с. Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды, Маңғыстау, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, Алматы облыстарында аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.