Мүмкіндігі шектеулі жандардың да дауыс беруіне жағдай жасалып отыр – бақылаушы

Атырау қаласы Дамбы ауылындағы Ғ.Қабышев көшесінде орналасқан №68 сайлау учаскесінің бақылаушысы Динара Құрманғалиева учаскеге келе алмаған қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар «көшпелі жәшік» қызметіне жүгініп, дауыс бергенін айтады.

f

«Өздеріңіз білетіндей, ауылдың үлкендері мұндай маңызды іс-шараға бірінші болып келеді, сол секілді таңертең дауыс берген тұрғындардың дені жасы үлкен кісілер болса, түс қайта жастар көптеп келе бастады. Қазір шамамен 622 адам дауыс берді. Бақылаушылар мен сенімді өкілдер таңғы сағат алтыдан бастап осында жүр. Барлығы тыныш өтіп жатыр.

Айта кетерлігі, учаскеге келе алмаған қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға сенімді өкіл мен ұйымдастыру тобы көшпелі жәшік апарып, олардың да дауыс беруіне жағдай жасап отыр» – деді бақылаушы.

Back to top button