24 шілдедегі күн райы: ел аумағында аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ жауады

Синоптиктер 24 шілде күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жауын жауады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Батыста, солтүстік-батыста және республиканың шығысында бұршақ жауады. Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с. Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Жамбыл облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Қарағанды облысының басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Back to top button